Әлем футболы

Щёткин «Кубань» сапындағы алғашқы ойында гол соқты

Щёткин «Кубань» сапындағы алғашқы ойында гол соқты

Краснодарлық «Кубань» Ресей бірінші лигасы аясында өз алаңында «Арсеналды» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кубань» сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин негізгі құрамында алаңға шығып, 73-минутта алмастырылды.

31 жастағы отандасымыз краснодарлық клуб сапындағы дебюттік матчында жеңіс голын соқты.

«Кубань» (Краснодар, Ресей) – «Арсенал» (Тула, Ресей) – 2:1

Гол соққандар: Даниил Горовых 7, Алексей Щеткин 59 – Кирилл Панченко 53 (пенальти)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0