«Клубтан кетуіме Масудов себеп болды». Иван Граф – Қазақстандағы мансабы және ұлттық құрама туралы

«Клубтан кетуіме Масудов себеп болды». Иван Граф – Қазақстандағы мансабы және ұлттық құрама туралы

«Ертіс», «Қайсар» және «Шахтер» клубтарының бұрынғы ойыншысы Иван Граф Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қарағандылық клубтан неге кететінін айтып, Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы тобында бірінші орын алу мүмкіндігін бағалады.

– Иван, «Шахтерден» неге кетіп қалдыңыз?

– Иә, клубтан кеткенім рас. Бір нәрсені анық айта аламын: командада қиындықтар болды. Ең бастысы, мен маусымды осында аяқтауға лайық екенімді білемін, бірақ маған ойнауға рұқсат бермеді, сондықтан мен ФИФА арқылы келісімшартты бұздым.

– Чемпионат аяқталуға алты тур қалғанда «Шахтер» турнирлік кестеде төртінші орында тұр, Еурокубокқа шығуға мүмкіндігі мол. Маусымның шешуші кезеңінде клубтан кеткеніңізге өкінбейсіз бе?

 Келісемін, клуб қазір жақсы жағдайда және нәтиже бар. Әрине, төртінші орын үшін, тіпті медальге талсауға болады. 

– Бұл қарағандылық клубтағы қаржылық мәселелерге байланысты ма?

 Былтыр да қиындықтар болып, жалақы уақытында төленбей, ойыншыларға қарыз болған, соған қарамастан біз жақсы ойнап, нәтиже көрсеттік. Оның жарқын мысалы – Конференция лигасында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан кубогының финалына дейнін жеттік, финалда пенальти сериясында ғана ұтылып қалдық. Жалақының кешігуіне байланысты ФИФА-ға арыз жаздым, сондықтан келісімшартты бұздық.

– Сіз Вахид Масудов бас бапкер болып келгеннен кейін алаңға көп шыға алмай, соған байланысты командадн кетуге бел буды деген ақпарат. Шынымен солай ма?

 «Шахтерден» кетуіме басты себеп осы екенін растаймын. Жаттығуда әрқашан жақсы қырымнан көрінемін. Командаластарым да менің негізгі құрамда шығуға лайық екенімді айтады. Жаттықтырушы бір сұхбатында жаттығу процесінде өзін жақсы көрсеткен ойыншылар негізгі құрамда шығатынын айтты, бұл маған күлкілі естілді, көріп отырғаныңыздай, ол айтқаны шындық емес.

– Хорватияға қайтып кетіпсіз. Мансабыңызды өз еліңізде немесе басқа елде жалғастырасыз ба?

– Иә, қазір Хорватиядамын. Маған Қазақстаннан екі клуб және Сербияның бір клубы қоңырау шалды, бірақ мен ҚПЛ маусым аяқталғанға дейін үзіліс жасауды жоспарлап отырмын. Бабымды жоғалытпау үшін хорватиялық бір командамен бірге жаттығу жасауға келістім.

– Демек Қазақстанға қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармайсыз?

– Шынымды айтсам, мансабымды Қазақстанда жалғастыратыныма сенімдімін. Маған қызығушылық танытқан клубтарға келер жылы келіссөзге жүргізуді айттым.

– ҚПЛ-да толық жеті жыл доп тептіңіз. Қазақстан чемпионатының артықшылық-кемшілігін атап өтсеңіз?

– Қателеспесем, Қазақстанда сегіз жыл болдым: бір маусым Павлодарда, бес жыл Қызылордада және бір жарым жыл Қарағандыда. Елге үйреніп қалдым, мұндағының бәрі ұнайды. Басты кемшілік ретінде инфрақұрылымды, атап айтқанда алаңдар мен стадиондар сапасын айтуға болды. Көптеген адам Қазақстан чемпионатын әлсіз деп санауы мүмкін, бірақ бұлай ойлау дұрыс емес. Мұны Қазақстан құрамасының нәтижелеріне қарап білуге болады. Сондай-ақ мұнда мен сияқты сапалы легионерлер өнер көрсетеді.

 ҚПЛ-да «Ертіс», «Қайсар» және «Шахтер» командаларында бақ сынадыңыз. Сіздің ойыңызша, қай қалада футбол атмосферасы ең жақсы?

Біріншіден, жанкүйерлер кез келген команданың маңызды бөлігі. Бір ғана қалада жақсы қолдау болды десем, дұрыс болмасы анық. Үш клубта да керемет атмосфера болды, біз стадиондағы жанкүйерлердің санына назар аудармаймыз.

– Жақында аса маңызды ойынын өткізгелі отырған Қазақстан құрамасы жайлы айтсақ. Құраманың Ұлттар лигасындағы ойындарын көрдіңіз бе?

– Әрине, ұлттық құраманың ойындарын бақылап отырамыз, оның үстіне құраманы Қарағандыда бірге жұмыс істеп, жақсы нәтижеге қол жеткізген Магомед Адиев жаттықтырып жүр. Ол Қазақстан құрамасының көптеген ойыншылары айтып жүргендей жақсы бапкер әрі психолог. Алда Беларусь және Әзірбайжанға қарсы өте маңызды ойындар бар, Қазақстан құрамасы топта бірінші орын алып, тарихи нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін.

– Иван, Қазақстанда бес жылдан астам уақыт өнер көрсеттіңіз, теориялық тұрғыдан алғанда, сізде құрамада ойнауға мүмкіндік болды. Оның үстіне бір сұхбатыңызда өзіңізді қазақ ретінде сезінетініңізді айттыңыз. Біздің елдің азаматтығын алуға қалай қарайсыз?

Толығырақ айтайын, менің азаматтығым туралы бұрынырақта, жас кезімде әңгіме болған. Бірақ қазір 35 жастамын, қазір мүмкіндігім бар деп ойламаймын. Кем дегенде тағы төрт-бес жыл доп тебуді жоспарлап отырмын. Өйткені қазіргі жасыма жай цифр ретінде қараймын. Өзімді жақсы сезінемін, жарақатым да жоқ.

Әңгіме соңында «Шахтерге» чемпионатта сәттілік тілеймін. Біз бір отбасы едік, команда ойынын бақылап отырамын. Төртінші орынды сақтап қалуға, тіпті қола жүлдеге қол жеткізуге мүмкіндік бар екеніне сенімдімін.

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0