Головкин мен «Канело» көз түйістірді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшылар 28 секунд көз түйістіріп тұрды. Енді былғары қолғап шеберлері жекпе-жекке бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтеді.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қазақстандық уақытпен 18 қыркүйекте өтеді.
Бұл боксшылардың үшінші кездесуі болатын. Алғашқы жекпе-жекте тең есеп тіркелген болатын, одан кейін Канело төрешілер шешімімен басым түскен.