русский язык

Қазақстан Ресеймен жолдастық матч өткізуден бас тартқан жоқ

Қазақстан Ресеймен жолдастық матч өткізуден бас тартқан жоқ

Prosports.kz белгілі болғандай, Қазақстан құрамасы қараша айында Ресей ұжымымен жолдастық матч өткізуі мүмкін. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраевтан сұрадық.

«Кейбір БАҚ жазғандай, саяси себептерге байланысты біздің тараптан ешқандай бас тарту болған емес. Оның үстіне, «жастарымыз» Беларусь және Ресей құрдастарымен жарысқа қатысады.

Бұған қоса, РФО-мен жолдастық матчты ұйымдастыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмыз, алайда ресейлік тарап біз ұсынған 16 қараша күнге келіспей отыр. Ақылдасып жатырмыз. 19 қарашада Қазақстан құрамасы БАӘ командасымен ойнайды.

Сенегалмен бақылау матчын өткізеді деген ақпаратқа қатысты айтар болсам, мұндай нұсқасы алғаш рет естуім», - деді Олжас Абраев Prosports.kz сайтына.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;