Футзал

«Ақтөбе» ресейлік шабуылшыны қатарына қосты

«Ақтөбе» ресейлік шабуылшыны қатарына қосты

Futsalkazakhstan Instagram аккаунтында ақтөбеліктердің соңғы трансферлері туралы жаңалық шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақ-қызылдардың» құрамын ресейлік шабуылшы Джони Джгереная толықтырды, ол Сургуттың «Факелінен» көшіп, Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі үш матчта «Ақтөбе» сапында өнер көрсетіп үлгерді. 

Бұл ретте Бағытбек Демешев пен Мирамбек Бикеев ақтөбелік клубтан кетті. Демешев спорттық мансабын оралдық «Бәйтеректе», Бикеев - Ақтаулық «Каспийде» жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0