Срджан Благоевич «Астана» бас бапкері қызметінен кетті

Срджан Благоевич «Астана» бас бапкері қызметінен кетті

Срджан Благоевич тараптардың келісімі бойынша «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Благоевич «Астананың» негізгі командасын 2021-дің қараша айында тізгіндеген болатын, сонымен қатар, командамен маусым алдындағы жиындар мен маусымның біраз бөлігін өткізді. «Астана» оның қол астында турнирлік кестенің көшбасшылар қатарында болды, сондай-ақ Olimpbet-Қазақстан Кубогының жартылай финалына өтті.

Срджанның әріптестері мен достары оны нағыз өз ісінің маманы ретінде біледі. Елордалық ұжым Срджанның клубқа сіңірген зор еңбегі үшін алғыс білдіре отыра, алдағы мансабына сәттілік тілейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0