2022 жылы Катардағы әлем чемпионатында жанкүйерлер турниріне 32 құрама қатысады
![2022 жылы Катардағы әлем чемпионатында жанкүйерлер турниріне 32 құрама қатысады](https://prosports.kz/upload/news/content//202209/472_53d6c839337687ec8e3470eb26080c58.jpg?v=28651826)
Катардағы әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлер арасында арнайы турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің коммуникациялар және БАҚ жөніндегі атқарушы директоры Фатыма аль-Нуайми хабарлады.
Оның айтуынша, жанкүйерлер кубогына 32 команда қатысады. Жарыс 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Дохадағы «Аль-Бидда» саябағында өтеді.
2022 жылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.