Абат Айымбетов: Біз үшін ең бастысы ары қарай да жеңісті жолды жалғап, чемпион болу

«Астананың» шабуылшысы Абат Айымбетов «Каспиймен» өткен ойынға қатысты және өзінің физикалық дайындығы жайында пікірін білдірді.

– Қызықты әрі қиын кездесу болды, бірақ жеңіске жеткенімізге ризамын. Ең маңыздысы үш ұпайды иелендік.

Қазір мен ақырындап физикалық тұрғыда бұрынғы қалпыма келудемін, оған қоса бүгін гол салып, жеңіске жетуге өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын. Біз үшін ең бастысы ары қарай да жеңісті жолды жалғап, чемпион болу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0