Бокс

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін жариялады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін жариялады

Орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы «Қазақ стилі» лақап атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы өзінің Twitter-дегі парақшасында кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Америкадамыз. Қараша айында шайқас!

Лас-Вегас, сізге міндетті түрде бару керек шоу бар!

Қараша айында сіз жаңа чемпионды көресіз. Күннен қорғайтын көзілдірікпен келіңіз. Өйткені мен рингте жарқыраймын!», — деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Әлімханұлы тамыз айында осы белбеудің бұрынғы иегері Деметриус Андраде қазақстандыққа қарсы титулды қорғаудан бас тартқаннан кейін толыққанды WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0