русский язык
Бокс

Мұсәділов кәсіпқой рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді

Мұсәділов кәсіпқой рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов (13-0, 11 КО) кәсіпқой рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан уақыты бойынша қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні 28 жастағы жерлесіміз колумбиялық 41 жастағы ардагер Мануэль Банкесті (8-9-2, 5 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек Сантьяго-де-Толуда (Колумбия) өтті.

Айта кетейік, бұл Серік Мұсәділовтің ауыр салмақтағы (200 фунт немесе 90,718 келіден жоғары) алғашқы жекпе-жегі болды. Ол бұрынғы барлық кездесуін бірінші ауыр салмақта өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;