русский язык
Футбол

Неймар екі матчқа алаңнан шеттетілуі мүмкін

Неймар екі матчқа алаңнан шеттетілуі мүмкін

Америка кубогы аясындағы Колумбияға қарсы матчта қызыл қағаз алған бразилиялық жұлдыз Неймар алдағы екі ойында өз құрамасына көмектесе алмауы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Естеріңізге сала кетсек, Колумбиямен ойын біткен соң, Неймар мен Карлос Бакка арасында жанжал болып, екі ойыншы да қызыл қағаз алған. Нәтижесінде қос футболшы өз құрамаларының келесі ойындарын трибунадан қарайды.

Кейбір дереккөздердің мәлімдеуінше, жаза екі ойынға дейін күшеюі мүмкін. КОНМЕБОЛ бұл оқиғаны жіті зерттеп, нақты ақпаратты кейін айтады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;