Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші матчта жеңілді

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші матчта жеңілді

«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойында «Сочиден» 3:6 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаздар қатарынан Артур Тянулин (дубль), Никита Феоктистов, Артем Николаев, Егор Бабенко және Кирилл Петков гол соқты. Жеңілгендер сапынан Кирилл Савицкий (дубль) мен Энтони Луи мергендік танытты.

Осылайша, қазақстандық клуб маусым басында қатарынан 4-ші жеңіліске ұшырап отыр.

Еске салайық, 13 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында Челябинсктің «Тракторымен» ойнайды.

Сочи (Сочи, Ресей) — Барыс (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 6:3 (3:1, 0:2, 3:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0