русский язык
Бокс

Бивол Головкин - Альварес жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Бивол Головкин - Альварес жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Ресейлік әлем чемпионы Дмитрий Бивол «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағын қорғайды. Олардың үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

«Менің ойымша, бұл жекпе-жек Альварес жеңілгеннен кейін одан да қызық болып кетті. Біз тек «Канелоның» өзіне деген сенімі төмендеді ме, әлде керісінше артты ма деп болжай аламыз. Менің Альвареспен жекпе-жегімнен кейін Геннадийдің сенімі артты деп ойлаймын.

Геннадий үшін бұл жаңа салмақ (қазіргі уақытта қазақстандық боксшы орта салмақта WВА және IBF титулдарын иеленген — еск. «Матч ТВ»). Бұл плюс болуы мүмкін. Жалғыз минус — Геннадий жасарып жатқан жоқ (Головкин 40 жаста)», - деді Бивол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;