Әлем футболы

АПЛ мен Англия лигасы кубогының алдағы матчтары шегерілуі мүмкін

АПЛ мен Англия лигасы кубогының алдағы матчтары шегерілуі мүмкін

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II қайтыс болуына байланысты Англия Премьер-лигасы мен Англия лигасы кубогының алдағы матчтары шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы The Times журналисі Генри Уинтер хабарлады.

АПЛ 7-туры 10-12 қыркүйек арасында өтеді деп жоспарланған еді.

Бейсенбі, 8 қыркүйекте Букингем сарайы Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 96 жасында қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0