Теннис

«ATP Astana Open 500» жарысына әлемнің үздік теннисшілері қатысады

«ATP Astana Open 500» жарысына әлемнің үздік теннисшілері қатысады

Нұр-Сұлтан қаласында 1-9 қазан аралығында үлкен теннистен «ATP Astana Open 500» жарысына қатысушылардың тізімі жарияланды.

Турнирге әлемдік рейтингте орналасқан үздік 10 теннисшінің 5-еуі қатысады деп күтілуде. Жарысқа қатысатын спортшылар арасында:

Даниил Медведев (Ресей) (#1)

Карлос Алькарас (Испания) (#4)

Стефанос Циципас (Грекия) (#5)

 Феликс Оже-Альяссим (Канада) (#8)

Хуберт Хуркач (Польша) (#10)

Сонымен қатар, қатысушылар қатарында: «Grand Slam» турнирінің жеңімпаздары Станислас Вавринка (Швейцария) және Энди Маррей (Ұлыьритания) бар. Бұл теннисшілкр ұйымдастырушылар тарапынан wild card алған.

Еліміздің атынан жарысқа: жекелей сында Александр Бублик және ұйымдастырушылар тарапынан wild card алған Михаил Кукушкин қатысса, жұптық сайыста Александр Недовесов пен Андрей Голубев бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0