ЧЛ. «Астананың» қарсыласы 22-ші маусым күні белгілі болады
![ЧЛ. «Астананың» қарсыласы 22-ші маусым күні белгілі болады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1434639766_851354570.jpg?v=28724130)
22-ші маусым күні УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші мен екінші іріктеу кезеңнің жеребесі тартылады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
UEFA.com сайты мәлімдеуінше, жеребе тарту рәсімі астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетсек, «Астана» Чемпиондар лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңнен бастайды. Бірінші матчтар шілденің 14-15-і өтсе, қарымта ойындар 21-22 шілде күндері өтеді.