русский язык
Футбол

«Қайсар» - «Ақтөбе» қосалқы құрамдардың ойыны Нағи Ілиясов ауылында өтеді

«Қайсар» - «Ақтөбе» қосалқы құрамдардың ойыны Нағи Ілиясов ауылында өтеді

Маусымның 19-ы күні Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында жаңа стадионның ашылуы болады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ашылу құрметіне орай, аталмыш стадионның алаңында «Қайсар» мен «Ақтөбе» командаларының қосалқы құрамдары Қазақстан біріншілігінің 16-туры аясындағы кездесуін өткізеді. Ойын сағат 19:00-де басталады. Матч аяқталған соң көрермендерге Сыр өңірі жұлдыздарының қатысуымен концерт қойылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;