Теннис

Григорий Ломакин Таиландтағы «Челленджердің» ширек финалына шықты

Григорий Ломакин Таиландтағы «Челленджердің» ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин тайпейлік Рэй Хомен жұптасып, Нонтабуриде өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар таиландтық Чаярин мен Нойкордан басым түсті – 6:1, 7:6.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.

Айта кетейік, Ломакин мен Хомен ширек финалда Чун (Корея)/Рэй (Жаңа Зеландия) - Хазава/Ватануки (Жапония) матчының жеңімпазымен кездеседі.

Фото: Андрей Ударцев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0