ҚПЛ. 18-турда көшбасшылар өз орнын сақтап қалды

ҚПЛ. 18-турда көшбасшылар өз орнын сақтап қалды

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 18-ші туры аясында үш матч өтті. Чемпионаттың үздіктері ойындарын өткізіп, жарыс көшбасшыларын анықтады.

Алматыда «Қайрат» ел чемпионы «Тобылды» қабылдап, екі команда бес гол соқты. 

«Қайрат» – «Тобыл» – 2:3

Голдар: Сергеев 26 (0:1), Жақсылықов 42 (0:2), Шушеначев 53 (1:2), Сергеев 76 (1:3), Алықұлов 90+1 (2:3).

 

Елордада «Астана» Оралдың «Ақжайығын» тас-талқанын шығарды. Нұр-Сұлтандық ұжым қарсыласының қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

«Астана» — «Ақжайық» 4:0 (1:0)

Голдар: Поляков 32 (1:0), Эуженио 84 (2:0), Эуженио 86 (3:0), Томасов 90+2 (4:0).

 

«Ақтөбе» өз алаңында Қызылжардың «Қызыл-Жарды» 1:0 есебімен жеңді.

«Ақтөбе» — «Қызыл-Жар» 1:0 (0:0)

Гол: Гоу 89 (1:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0