Әлем футболы

Төреші «Блэкфилд энд Лэнгли» қақпашысын Англия кубогы матчында дәрет сындырғаны үшін алаңнан қуды

Төреші «Блэкфилд энд Лэнгли» қақпашысын Англия кубогы матчында дәрет сындырғаны үшін алаңнан қуды

«Блэкфилд энд Лэнгли» клубының қақпашысы Англия кубогы аясындағы матч кезінде дәрет сындырғаны үшін алаңнан қуылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ESPN сайтына сілтеме жасап.

Коннор Масеко турнирдің бірінші іріктеу кезеңіндегі «Шептон Мэллетке» (0:0) қарсы матч кезінде дәрет сындыруды шешкен. 76-минутта доп алаңнан шығып кеткенде, дәретханаға барғысы келген қақпашы алаңның жанындағы өсімдікті пайдаланған.

Қарсылас команданың футболшылары мұны төрешіге көрсеткен. Ал төреші болса Масеконы алаңнан қуу туралы шешім қабылдаған.

6 қыркүйекте командалар тағы бір ойын өткізеді, осыған байланысты «Блэкфилд энд Лэнгли» твиттер желісінде ойын барысында «дәретхана үзілістері» жеткілікті болады деген үмітін білдіріп үлгерді. «Шептон Мэллет» командасы да бұл туралы әзілдеп, сантехникалық компаниялар мен жылжымалы дәретхана кабиналарын жеткізетін ұйымдарды матчтың демеушісі болуға шақырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0