Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңдағы ойындарға қатысатын құрамын жариялады

ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңдағы ойындарға қатысатын құрамын жариялады

Бүгін «Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы сырт алаңдағы ойындар сериясына аттанады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андрей Скабелка шәкірттері 3 қыркүйекте Минскіде «Динамомен» ойнаса, 5 қыркүйекте Санкт-Петербургте СКА-мен кездеседі. 7 қыркүйекте «Витязға» қарсы матч өткізген елордалық клуб серияны 9 қыркүйекте Сочиде аяқтайды.

«Барыстың» бапкерлік штабы сырт алаңдағы матчтарға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов, Джелал-Ад-Дин Амирбеков.

Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Кристофер Биграс, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Максим Минеев, Иван Мищенко, Юрий Сергиенко, Владислав Семин, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Алихан Асетов, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Диас Гусейнов, Динмухамед Кайыржан, Энтони Луис, Кирилл Максимов, Никита Михайлис, Батырлан Муратов, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0