русский язык
Футбол

Сергей Шафф команда іздестіруде

Сергей Шафф команда іздестіруде

Қарағандылық «Шахтер» футбол мектебінің түлегі 27-жастағы шабуылшы Сергей Шафф командасыз қалды, деп хабарлайды «РRОСПОРТ».

2011-ші жылы «Шахтердің»  бас бапкері Виктор Кумыков ойыншыдан бас тартқан болатын. Былтырғы маусымды Сергей «Жетісу» сапында өткізіп, 32 ойында төрт гол соққан болатын.

«Германияда жасалған отадан айығып келемін. Ақырындап жаттығуларға кірістім. Қазақстанның премьер-лигасындағы командалардың бірінде мансабымды жалғастырғым келеді. Қазіргі таңда, өзіме жаңа клуб іздестірудемін», – деді Шафф біздің тілшімізге берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;