русский язык
Футбол

Сербия U-20 құрамасы финалда

Сербия U-20 құрамасы финалда

Жаңа Зеландияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Сербия құрамасы жартылай финалдық кездесуде Малиді жеңіп, финалдық ойында Бразилияға қарсылас атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

 

Екінші жартылай финалдық ойынның алғашқы голы матчтың небәрі 4-ші минутында соғылды. Голдың авторы – Андрия Живкович. Үзіліске аз уақыт қалғанда малилік Юссуф Коне таразы басын теңіестіріп кетті. Кездесудің негізгі уақыты осылай аяқталды. Алғашқы қосымша уақыттың 11-ші минутында Сербия құрамасының ойыншысы Иван Шапоньич жеңісті голдың авторы атанды.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович бұл кездесуде алаңда толық уақыт өнер көрсетті және нәтижелі пастың авторы атанды.  

 

Осылайша, маусымның 20-сы күні Астана уақытымен таңғы 7:30-да Мали және Сенегал құрамалары үшінші орын үшін таласпақ. Ал Бразилия мен Сербия арасындағы финалдық ойын 11:00-де басталады.

 

Футболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты. Жаңа Зеландия

Сербия (U-20) – Мали (U-20) 2:1 қ.у. (1:1, 1:1)

Голдар: Живкович 4 (1:0), Коне 39 (1:1), Шапоньич 101 (2:1).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;