Теннис

Жібек Құламбаева ITF W25 турнирінің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева ITF W25 турнирінің жартылай финалына шықты

Алматыда әйелдер арасында ITF W25 сериясындағы турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сында Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Яшина ширек финалда ресейлік Виктория Михайлова/Яна Карповичті жеңді – 3:6, 6:1, 10:6. Жартылай финалда Жібек пен Екатерина үндістандық Чаудхари Вайдехи/Шривали Бхамадипатимен кездеседі.

Жекелей сында Жібек екінші айналымда грузиялық Зози Кардаваны 6:0, 3:6, 6:3 есебімен жеңді. 1/4 финалда Жібектің қарсыласы Анастасия Золотарева болады.

Дана Байдәулет пен Гозаль Айнитдинова турнирдегі өнерін аяқтады. Дана екінші айналымда ресейлік Екатерина Маклаковадан жеңілді - 4:6, 2:6, ал Гозал үш сетке созылған кездесуде беларусьтік Дарья Хомутянскаядан 2:6, 6:1, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Фото ktf.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0