Бокс

WBA рейтингісі: Қазақстандық боксшылардың орны қандай

WBA рейтингісі: Қазақстандық боксшылардың орны қандай

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшылардың рейтигтегі орны мынадай:

Аса ауыр салмақта қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий тоғызыншы орында, ал Иван Дычко 15-орында тұр. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик. 

Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек қоңқабаев төртінші, Серік Мұсәділов 12-орынға ие болды. Чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы көш бастап тұр. Бек Нұрмағанбет 11-сатыға жайғасқан. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.

Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин. Бұл салмақта Мейірім Нұрсұлтанов 14-орында тұр.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек оныншы орынға ие болды. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпионы - өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0