русский язык
Әлем футболы

Криштиану Роналдудың командаластары оның «Манчестер Юнайтедтен» кеткенін қалайды

Криштиану Роналдудың командаластары оның «Манчестер Юнайтедтен» кеткенін қалайды

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналдудың әріптестері шабуылшының клубтан кеткенін қалайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.

ESPN мәліметінше, 37 жастағы португалиялықтың клуб ауыстырғысы келетіні туралы хабар кейбір ойыншыларды қуантқан.

28 тамызда La Gazzetta dello Sport Роналдудың «Наполиге» жалға берілуге дайын екенін хабарлаған.

Осы маусымда португалиялықтар АПЛ-да «Манчестер Юнайтед» сапында үш матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеді. Роналдудың клубпен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Фото Reuters

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;