русский язык

Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы қарсыласында бас бапкер ауысты

Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы қарсыласында бас бапкер ауысты

Италиялық маман Франческо Кальцона Словакия құрамасын басқарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

53 жастағы Кальзонамен келісім 2023 жылдың желтоқсан айына дейін жасалған.

Ұлттық құрама Еуро-2024 финалдық кезеңіне шыққан жағдайда келісімшарт автоматты түрде турнирдің соңына дейін ұзартылады.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың маусым айында Стефан Таркович бастаған Словакия құрамасы Қазақстан құрамасынан екі рет жеңілген болатын. Өз алаңында фавориттер 0:1, Нұр-Сұлтанда 1:2 есебімен ұтылды. Осыдан кейін Таркович қызметінен кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;