русский язык

Қазақстан Кубогы: 1/4 финал матчтарының тікелей трансляциясы

Қазақстан Кубогы: 1/4 финал матчтарының тікелей трансляциясы

31 тамызда Алматы, Тараз, Нұр-Сұлтан және Қызылорда қалаларында футболдан Қазақстан кубогының 1/4 финалының матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы уақыты бойынша сағат 19:00-де Оңтүстік астананың Орталық стадионының алаңына жергілікті «Қайрат» пен оралдық «Ақжайық» шығады. Сондай ақ «Астана» 21:00-де елордада «Мақтааралмен» кездеседі. Екі ойынды да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Алматыдағы матчпен бірдей уақытта «Тараз» бен «Шахтер» кездесуі басталады. 21:00-де «Қайсар» өз алаңында «Ордабысыны» қабылдайды. Бұл екі матчты жанкүйерлер Кәсіпқой футбол лигасының сайтында тамашалай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;