Сәбит Жүсіпов 20 күнде үш жекпе-жек өткізеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық файтер Сәбит Жүсіпов 20 күнде үш жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол бұл «марафонды» 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен Eagle FC 50 турнирінде бастап, Умиджон Мұсаевты нокаутқа түсірді.
Одан кейін Сәбит «Найза» лигасының Гран-приінде «Төбет топ» командасының намысын қорғау үшін Алматыға ұшып кетті.
Осыдан кейін файтер 10 қыркүйекте Атырауда «Мерген» лигасы аясында жұдырықтасады. Оның қарсыласы Руслан Мамедов болмақ.