русский язык
Әлем футболы

Эдинсон Кавани «Валенсия» ойыншысы атанды

Эдинсон Кавани «Валенсия» ойыншысы атанды

Уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани «Валенсия» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уругвайлық ойыншы «Валенсияға» еркін агент ретінде көшті. Ойыншының клубпен келісімшарты екі жылға есептелген. Ойыншыға Унаи Эмери басқаратын «Вильярреал» да қызығушылық танытқан.

Каванидің кейінгі клубы англиялық «Манчестер Юнайтед» болды, Эдинсонның клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталып, ұзартылмады. Бұған дейін шабуылшы «ПСЖ», «Наполи» және «Палермо» командаларында да ойнаған. Уругвайда Кавани «Данубио» командасында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;