Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты
![Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202208/201131_c3518c5f97efcb01f5a76ef3428f4f51.jpg?v=28656209)
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен А.Крунич ширек финалда жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп басымдылық танытты – 6:2. Екінші сетте жапониялық-индонезиялық дуэт тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Супер тай-брейкте Данилина мен Крунич жеңісті жұлып алды – 10:7.
Анна мен Александра финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен кезедеседі.