«Жеңіс үшін келгенімді бәрі білді». Артем Захаров Ислам ойындарындағы өнері туралы пікір білдірді
Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Артем Захаров Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Ислам ойындарын қорытындылап, маусымның қалған кезеңіндегі жоспарларын бөлісті.
– Жақында Түркияда өткен Ислам ойындарындағы өнеріңізді қалай бағалайсыз?
– Жалпы, мен оны өте жақсы деп бағалаймын. Омниумда басымдықпен жеңіске жеттім. Бастапқыда, әрине, көп күш салуға тура келді, өйткені Біріккен Араб Әмірліктері айтарлықтай жақсарған. Өзбекстан мен Малайзия тарапынан да бәсекелестік болды. Ал топтық жарыста қашықтықтың жартысынан кейін маған Рамис Дінмұхаметов көмектесті. Нәтижесінде үлкен басымдықпен жеңіске жеттік. Ал скретчте Әлішер Жұмақанмен бірге жүрдік. Бұл бағдарламаның бірінші түрі болды. Онда бәрі мені қадағалай бастады. Мен жеңіс үшін келгенімді білді.
- Азияда, әдетте, барлық басқа елдің шабандоздары сіздден қалып қоятынына үйреніп қалдыңыз ба?
– Иә, 2013 жылы алғаш рет Азия чемпионатын жеңіп алдым, сол кезден бастап топтық жарысқа алға шықсам, бәрі артымда жүреді.
- Мұндай жағдайда қалай күресуге болады? Жеңіске жету мүмкіндігі бар ма?
– Азия чемпионаттарынан жиырмадан астам медалім бар, бірақ жеңіс біреу ғана. Қалғандары екінші орындар. Көшбасшы болып келе жатқанымда, екінші мен үшінші орындағылар маған ақырындап жете бастайды. Иә, мен мықтымын, бірақ басқа да елдер бар, мысалы, Жапонияда велоспортты дамытуға қыруар қаржы құйылады. Мен барлығына ілесе алмаймын. Маған бір орынды ұстап тұру керек сияқты. Басқа елдер осыны пайдаланып, әрқашан менен бірінші орынды алып алады, ал мен екінші болып қала беремін.
– Ислам ойындары кейінге қалдырылған Азия ойындарын толыққанды алмастырды деп санауға бола ма?
– Қытайда өтуі керек болған Азия ойындары тоқтатылғаннан кейін бәрі Ислам ойындарына көшті. Қатыса алатын елдер тек соған дайындала бастады. Араб елдері мені қатты таңғалдырды. Иә, оларда Азия чемпионы болды, бірақ деңгейі қатты жоғарылапты. Индонезия, Малайзия да өзгерген. Бірақ Азия ойындарымен салыстыратын болсақ, әрине, деңгейі сәл төмен. Ұйымдастыру тұрғысынан және қатыса алмаған елдер жағынан.
- Әлем чемпионатына дейін сізде трек күнтізбесі ме, әлде тасжол жарыстары бола ма?
- Бүгін біз Чехияға ұшамыз. Онда UCI рейтингтік ұпайларын алу үшін жарыстардан өтеміз. Біз мүмкіндігінше жақын болуымыз керек, өйткені қазір Еуропада өте көп жарыс өтіп жатыр. Рейтингте үнемі қуып жүру керек. Сәтсіздікке ұшырасаң, әлем чемпионатына қатысуға квота берілмейді. Сондықтан барлық жерде ұпай жинауға тырысамыз. Тасжол жарысына келетін болсақ, қыркүйекте тек классиктер қалды. Мен барамын ба, жоқ па, жағдайға қараймыз, өйткені келесі айда әлем чемпионаты алдында биік таулы жаттығу жиынын жоспарлап отырмыз. Бір жарым ай қалды. Уақыт болса – барамын.