русский язык

Қазақстандық футболшы бір матчта 7 гол соқты

Қазақстандық футболшы бір матчта 7 гол соқты
news-banner7
mobile-news-top

«Тұран» жастар командасының ойыншысы Бақдәулет Зүлфиқаров «Aqtobe City» клубына қарсы ойында 7 гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші лиганың матчы 7-1 есебімен «Тұранның» пайдасына аяқталды, алаң иелері сапындағы барлық голды түркістандық команданың 21 жастағы шабуылшысы соқты.

Зүлфиқаров «Тұранның» негізгі құрамында үш ойын өткізді – біреуі ҚПЛ-да және екеуі ел кубогында.

Еске салайық, өткен маусымда Бақдәулет Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсетіп, төрт матчта бір гол соққан болатын. Қазақстанның бірінші және екінші лигаларында «Академия Оңтүстік» пен «Қыран» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;