русский язык
Бокс

Джошуа баспасөз мәслихатында көз жасына ерік берді

Джошуа баспасөз мәслихатында көз жасына ерік берді

Александр Усиктен екінші рет жеңілген Энтони Джошуа баспасөз мәслихатында эмоциясын тежей алмай, жылап жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы боксшы мансабында алғаш рет қатарынан екі рет жеңіліп отыр.

Британиялық боксшы 12 раундтың қорытындысы бойынша Усикке есе жіберді. Бірақ төрешілердің шешімі екіге бөлінді (113-115, 115-113, 116-112). Осылайша, Александр аса ауыр салмақтағы WBA Super, IBF, WBO және IBO чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;