«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы БАӘ клубына ауысты
![«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы БАӘ клубына ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content//202208/201736_16ca87b1b53540ec9f5b728d121ef5b8.jpg?v=28666602)
«Вильярреал» шабуылшысы Пако Алькасер Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Шарджа» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы Алькасердің испаниялық клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды. Ол «Аль-Шарджаға» бір маусымға жалға берілді.
Шабуылшы өткен маусымда «Вильярреал» сапында 21 ойынға қатысып, 2 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Алькасер Испания құрамасында 19 матч өткізіп, 12 гол соққан.