PGL Arlington Major 2022 жарысының жеңімпазы анықталды
![PGL Arlington Major 2022 жарысының жеңімпазы анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202208/201736_6b7ff5ee309a4947b8da59bfeff98607.jpg?v=28668049)
Team Spirit ұжымы PGL Arlington Major 2022 турнирі Dota 2 жарысының гранд-финалында PSG.LGD командасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша, Ярослав Miposhka Найденовтың командасы турнир чемпионы атанып, $200 000 табыс тапты және 820 DPC ұпайына ие болды.
Чжан y` Липин бастаған қытайлық PSG.LGD командасы $100 000 және 740 DPC ұпайына қол жеткізді. Team Aster үшінші орын алды.
Айта кетейік, PGL Arlington Major 2022 жарысы 4-14 тамыз аралығында АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтті. Қатысушылар жалпы жүлде қоры 500 000 АҚШ долларын және 4 570 Dota Pro Circuit ұпайын сарапқа салды.