Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлеттер Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлеттер Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Коньяда (Түркия) өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының екі спортшысы жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

76 келіге дейінгі салмақта Арай Нұрлыбекова 215 (94+121) келіні көтеріп, күміс жүлдегер атанды.

Айша Омарова 81 келіге дейінгі салмақта екінші орынды иеленді, ол 226 (98+128) келі салмақты еңсерді.

Фото instagram.com/drs_kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер