русский язык
Теннис

Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонто (Канада) WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен күш сынасты.

Бірінші партияда Ю.Путинцева 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сет барысында 2:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан бес геймді өз есебіне жазып, жеңісті жұлып алды – 7:5.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;