Гөзал Айнитдинова Өскемен жарысының ширек финалына шықты
![Гөзал Айнитдинова Өскемен жарысының ширек финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202208/472_91aab40f6e87bb119f6092a8dba175ef.jpg?v=28712062)
Қазақстандық Гөзал Айнитдинова Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингіде 587-орында тұрған Айнитдинова екінші айналымда отандасы, әлемнің 491-ші, осы турнирдің 6-ракеткасы Жібек Құламбаевамен ойнады.
Бұл бәсекеде Гөзал 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.
Ертең, 12 тамыз күні Айнитдинова жартылай финалға шығу үшін үндістандық Ашмита Эшварамуртимен таласады.
Жұптық сында Айнитдинова мен ресейлік Анна Кубарева ширек финалда күтпеген жерден ресейлік Полина Итченко - Беларусь өкілі Дарья Шаухаға есе жіберді – 2:6, 4:6.
Өскеменде жауған жаңбырдың салдарынан кейбір матчтар ертеңге қалдырылды. Жібек Құламбаева жұптық сында ресейлік Екатерина Казионовамен бірге доданың жас жұлдыздары, қазақстандық Мәлика Әмірғалиева - қырғызстандық Владислава Андреевскаямен шеберлік байқасады. Жеңген жұп жартылай финалға шығады.