ММА

Хабиб Нурмагомедов жыл соңында Қазақстанда үлкен турнир өткізеді

Хабиб Нурмагомедов жыл соңында Қазақстанда үлкен турнир өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Eagle FC ұйымы жыл соңында Қазақстанда тағы бір турнир өткізеді. Бұл туралы ұйымның иесі Хабиб Нурмагомедов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Eagle FC турнирі желтоқсан айына жоспарланған. Кештің басты жекпе-жегінде ұйымның чемпионы, тәжік спортшысы Фарудин Одилов пен қазақстандық Дәурен Ермеков жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Barys Arena кешенінде Eagle FC 50 турнирі өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Дияр Нұрғожай мен ресейлік Константин Андрейцев жартылай ауыр салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Екінші айқаста жартылай ауыр салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін екі ресейлік спорты - Азамат Джигкаев пен Имам-Шапи Мухтаров жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер