«Қайраттың» қарсыласы «Бенфикамен» жолдастық кездесу өткізеді
![«Қайраттың» қарсыласы «Бенфикамен» жолдастық кездесу өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202208/201736_75835a89cc7cde16961dc67fa752244d.jpg?v=28651784)
«Қайрат» футзал клубының Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыласы бельгиялық «Андерлехт» Португалияның «Бенфикасымен» жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 3 қыркүйекте брюссельдік клубтың алаңында өтеді.
Айта кетейік, «Андерлехт» биыл қатарына «Бенфиканың» екі бразилиялық ойыншысы – қақпашы Диего Ронкальо («Қайрат» АФК-да ойнаған) және шабуылшы Фитсті қосты.