русский язык
Теннис

Өскеменде 14 жастағы қазақстанды Мәлика Әмірғалиева сенсация жасады

Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF World Tennis Tour W25 турнирі басталды.

Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың іріктеу сатысында өскемендік, 14 жастағы Мәлика Әмірғалиева тамаша өнер көрсетті. Мәлика WTA рейтингісінде жоқтығына қарамастан, іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 1990-ракеткасы, ресейлік 18 жастағы Николь Мишиеваны 6:1, 6:4 есебімен ұтып кетті.

Сөйтіп, негізгі турнирге жолдама алды. Осылайша, Kazzinc Open жарысында бес бірдей қазақстандық спортшы, атап айтқанда, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Мария Синицына (уайлд кард), Татьяна Николенко (уайлд кард) және Мәлика Әмірғалиева бақ сынайды.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;