русский язык
Теннис

Малика Әмірғалиева Kazzinc Open турнирінің негізгі кезеңінде бақ сынайды

Малика Әмірғалиева Kazzinc Open турнирінің негізгі кезеңінде бақ сынайды

Өскеменде жалпы жүлде қоры 25 мың АҚШ доллары болатын қыздар арасындағы ITF World Tennis Tour W25 турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шығыс Қазақстан облысы теннис мектебінің түлегі Малика Әмірғалиева жарыстың негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің финалында 14 жастағы отандасымыз 18 жастағы ресейлік Николь Мишиеваны (1990 WTA) 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша, Kazzinc Open турнирінің негізгі кезеңіне қазақстандық бес теннисші өтті: Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Мария Синицына (уайлд кард), Татьяна Николенко (вилд кард) және Малика Әмірғалиева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;