Жеңіл атлетика

Қазақстандық спортшы «Гауһар лигасында» бестікке енді

Қазақстандық спортшы «Гауһар лигасында» бестікке енді
news-banner7
mobile-news-top

Каролин Чепкоеч 3000 метрге жүгіруде бесінші, ал Надежда Дубовицкая биіктікке секіруде жетінші болды, деп хабарлайды Prosports.kz ақпарат агенттігі Altai Athletics сайтына сілтеме жасап.

Польшаның Силезия қаласында өткен «Гауһар лиганың» кезекті кезеңіне «Алтай Атлетикс» клубының өкілдері Каролин Чепкоеч пен Надежда Дубовицкая қатысты.

Чепкоеч 3000 метрге жүгіруде 8:41:96 уақытпен бесінші болып мәреге жетті.

Надежда 188 см биіктікті бағындырды, бұл Дубовицкаяға 7-ші орын алуға мүмкіндік берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер