Дзюдодан Азия чемпионаты: Данияр Шамшаев финалға жолдама алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалисі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Жартылай финалда спортшы қырғызстандық Чингисхана Сагыналиевті жеңді.
Осылайша, Данияр Шамшаев кем дегенде күміс жүлдегер атанады.
Фото: olympic.kz