ММА

Жартылай орта салмақтағы үздік файтер Рахмоновты жоғары бағалады

Жартылай орта салмақтағы үздік файтер Рахмоновты жоғары бағалады
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақ рейтингінде 6-орында тұрған бразилиялық файтер Висенте Люке Шавкат Рахмоновтың жаттығуына тәнті болды, деп жазады Prosports.kz.

«Ол шынымен мықты. Онымен жаттығу өткіздім. Негізінен грэпплингпен айналыстық, оның спаррингін көп көрдім. Мен де онымен бірнеше раунд спарринг өткіздім. Ол негізінен қарсыласына ұқсайтын жігіттермен жұмыс істеді.

Ол грэпплингтің хас шебері және өте тамаша соққы жасайтын техникасы бар. Оның Генри Хуфтпен (жаттықтырушы) бірге жасаған жаттығуын да көрдім, ол нағыз монстр», – деді Люке Lowkick MMA-ға берген сұхбатында

Люке UFC-де Рахмоновпен жолы түйісетініне сенімді:

«Біз бір күні өзара жекпе-жек өткізуге тура келетінін білеміз. Бұл мені алаңдатпайды. Болашақта жекпе-жек өткізетін жігіттермен бірге жаттығуға қарсы емеспін», - деп түйіндеді сөзін бразилиялық.

Айта кетейік, 6 тамызда Висенте Люке Лас-Вегастағы UFC ON ESPN 40 турнирінің негізгі жекпе-жегінде Джефф Нилмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер