Евсеев Чехиядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті
![Евсеев Чехиядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202208/201736_a8172ec8bb14a3cbc01fd9d8b2f45c31.png?v=28656820)
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Либерецте (Чехия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында германиялық Маттиас Бахингерді жеңді.
1 сағат 47 минутқа созылған кездесу 1-6, 6-3, 7-5 есебімен аяқталды.