Данилина мансабында үшінші рет WTA турнирінде топ жарды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Анна Данилина WTA250 BNP Paribas Poland Open турнирінің жұптық сынында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жергілікті теннисшілер Катаржина Кава/Алисия Росольска жұбын жеңді.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған финалдық кездесу 6:4, 5:7, 10:5 есебімен аяқталды.
Осылайша, Данилина WTA турнирінде үшінші рет чемпион атанып отыр. 2022 жылдың басында Анна Беатрис-Хаддад Маяамен бірге Сиднейдегі турнирде (WTA 500), ал былтыр Гданьск қаласындағы (Польша) WTA 250 турнирінде жеңімпаз атанған.