Бокс

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

Биыл WBO, ал, алдағы жылы WBC чемпионы болам. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті рет шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желіге арнайы жазба қалдырып, қос тұжырымдағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды.

Әсіресе, WBO белділінің иегері Деметриус Андрадеге қашпауға кеңес берді. Жуырда Бүкіләлемдік бокс ұйымы ресми түрде америкалық былғары қолғап шеберіне орта салмақтағы белбеуін қорғауды бұйырған еді. Егер ол бас тартса, Жәнібек автоматты түрде «уақытша» әлем чемпионы атағынан «толыққанды» чемпион дәрежесіне өтеді. Десе де кездесусіз чемпион болу жақсы, ал, чемпионды нокаутқа жіберу одан да жақсы деп сөзін түйіндеді Жәнібек. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы ең соңғы рет мамыр айында жұдырықтасты. Ол АҚШ төрінде британдық Дэнни Дигнуммен кездесіп, екінші раундта нокаутпен ұтты. Осының арқасында кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 12 жекпе-жек, 12 жеңіске жеткізді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0