Василий мен Александр Стрельцовтар «Бейбарыс» ойыншылары атанды
![Василий мен Александр Стрельцовтар «Бейбарыс» ойыншылары атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202207/472_e891245949f2227fe74e77ed5af65aa2.jpg?v=28656435)
Шабуылшылар Василий мен Александр Стрельцовтар «Бейбарыс» ойыншылары атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Хоккейшілер «Автомобилист» (Екатеринбург), «Лада» (Тольятти), «Адмирал» (Владивосток) командаларында ойнаған. Сондай-ақ ВХЛ-да «Сокол» (Красноярск) және «Молот-Прикамье» (Пермь) командаларында өнер көрсеткен.
Кейінгі маусымды Польшада «Уния» командасының сапында өткізген. Василийдің еншісінде 23 кездесуде 20 (7+13) ұпай, Александрдың еншісінде 21 кездесуде 16 (6+10) ұпай бар.